
Жұмашев Молдаш
(1908-1996)
Жұмашев Молдаш 1908 жылы Қоңырқұдық құмында туған. 1938 жылы тамыз айында Қоңырқұдық бастауыш мектебінің меңгерушісі болып тағайындалған. 1941-1944 жылдары Ұлы отан соғысына қатынасып, ІІ-топтағы мүгедек болып оралды. Соғыстан оралған соң, 1944 жылы Бақлан бастауыш мектеп меңгерушісі, 1945 жылы Жалғансай бастауыш мектебінің меңгерушісі болып тағайындалды. 1947 жылы Бақсай бастауыш мектебінде жұмыс жасай отырып, 1948 жылы педагогикалық училищеге түсіп, бастауыш мектеп оқытушысы мамандығын алды. 1951-1955 жылдары Орал пединститутында оқып Бақсай ауданы, Сыралы мектебінің, 1959-1961 жылдары Топайыл мектебінің директоры қызметін атқарды.
1962 жылдан бастап Жалғансай ауылында мұғалім болып жұмыс жасап, 1968 жылы зейнеткерлікке шығып, 1996 жылы қайтыс болды.

Тасқалиев Жолдас
Қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі
Тасқалиев Жолдас 1929 жылы 25 қыркүйекте Ақжайық селосында туған. 1948 жылы Махамбет орта мектебін бітірген. 1950 жылы Гурьев педучилищесін бітіріп, 1950-1953 Таңдайдағы 3 жылдық мектепте, 1956-1957 жылдары Ақжайық орта мектебінде, 1957-1960 жылдары Фурманов орта мектебінде, 1962 жылы Жалғансай 3 жылдық бастауыш мектебінде қазақ тілі пәні мұғалімі қызметтерін атқарған. 1964-1968 жылдары Гурьев пединститутын бітірген. 1989 жылдан бері зейнеткерлік демалыста.

Бағытова Қапиза
Математика пәнінің мұғалімі
Бағытова Қапиза 1934 жылы Бақсай ауданы, Карманов ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, 1952 жылы Ақтөбе мұғалімдер институтына түсіп, оны 1954 жылы аяқтады. 1960 жылы Орал педагогика интитутын сырттай оқып бітіреді. 1960-1966 жылдары Бақсай 8 жылдық мектебінде, 1966-1976 жылдары Махамбет орта мектебінде оқытушы болып жұмыс жасады. 1978 жылы «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» значогімен наградталды. 1983 жылы «Методист мұғалім» атағын алды. 1978-1988 жылдар аралығында Жалғансай орта мектебінде еңбек өтілі жүріп, 1986 жылы оқу-ағарту саласындағы ұзақ еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен наградталған. 1988 жылдан бастап зейнеткерлік демалыста.

Құлмағамбетов Сейсенбі
Қазақ тілі, әдебиеті пәнінің мұғалімі
Құлмағамбетов Сейсенбі 16 қаңтар 1941 жылы Қызылқоға ауданы, Тайсойған елді мекенінде дүниеге келген. Тайсойған 7 жылдық мектебін бітірген соң Жайық бойындағы №11 ауылдағы орта мектепті 1961 жылы бітірген. 1979 жылдан бері Жалғансай орта мектебінде мамандығы бойынша және ән сабағынан сабақ беріп, домбыра үйірмесін алғаш ұйымдастырушы болды. 1995 жылдан бері денсаулығына байланысты, жеңілдікпен зейнеткерлікке шықты. Қазір Жалғансай селолық әкімшілігі жанындағы ақсақалдар алқасының төрағалығында істеп келеді. Село халқының әлеуметтік жағдайының жақсаруына ақыл қосып, ауыл жастарының мәдениеті мен өренінің өрістеуіне белсене араласып келеді.

Ещанова Дәмет
Бастауыш сынып мұғалімі
Ещанова Дәмет Барысқызы 1944 жылы 27 ақпанда Бақсай селосында дүниеге келген. 1951-1961 жылдары Бақсайдағы 7 жылдықты, кейін Фурманов орта мектебін бітірген. 1962-1966 жылдары Гурьев пединститутының “Тарих” факультетін бітірген. 1966-1967 жылдары Таңдай орта мектебінде аға пионер вожатый, 1967-1976 жылдары Чкалов орта мектебінің бастауыш сынып және тарих пәндерінен сабақ берген. 1976-2000 жыл аралығында Жалғансай орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасаған. “Еңбек” медалі белгісімен марапатталған.

Ізбасарова Әния
Бастауыш сынып мұғалімі
Ізбасарова Әния 1947 жылы 14 шілдеде Гурьев қаласында дүниеге келген. 1956-1967 жылдары Гурьев қаласындағы Орджиникидзе атындағы орта мектепті, 1968-1969 жылдары Гурьев педучилищесін бітірген. 1969-1973 жылдарда Тайсойған 8-жылдық мектебінде, 1973-1979 жылдары Қызылқоға ауданы, Орлыкөл орта мектебінде, 1979-1993 жылдары Жалғансай орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарған. 1988-1993 жылдары Гурьев пединститутының “Бастауыш сынып” факультетін бітірген. 11 бала өсірген “Батыр ана”.

Қалауова Ақкенже
Тарих пәнінің мұғалімі
Қалауова Ақкенже 1950 жылы Махамбет ауданы, Сарытоғай селосында дүниеге келген. 1969 жылы Сарытоғай орта мектебін бітірген. 1969-1973 жылдары Гурьев пединститутының «Тарих» факультетін бітірген. 1973-1975 жылдары 8-жылдық О.Шонаев орта мектебінде тарих пәнінен дәріс берген. 1976-2001 жылдары Жалғансай орта мектебінде жұмыс жасаған. 2001 жылы Атырау қаласына көшіп кетуіне байланысты қазіргі уақытта №24 орта мектепте жұмыс жасайды.

Садықова Мақпал
Бастауыш сынып мұғалімі
Садықова Мақпал Отызбайқызы 1950 жылы 9 қаңтарда Жалғансай селосында дүниеге келген. 1957-1967 жылдары Жалғансайда бастауыш мектепте, кейін Чкалов орта мектебін бітірген. 1967-1968 жылдары Гурьев педучилищесін бітірген. 1968-1971 жылдары аралығында Фурманов орта мектебінде, 1971-2004 жылдарға дейін Жалғансай бастауыш мектебінде, кейін орта мектепте жұмыс жасаған. Қазір зейнеткерлік демалыста.

Жолдаспаева Үміт Есқазықызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Жолдаспаева Үміт 1950 жылы 8 наурызда Жалғансай селосында туған. 1957-1967 жылдары Чкалов орта мектебін, 1968-1969 жылдары Гурьев қаласындағы педкурсты бітіріп, 1969-1995 жылдары Жалғансай орта мектебінде аға пионер вожатый, бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарған. Қазіргі уақытта зейнеткерлік демалыста.

Меңдіғалиева Сағима
Орыс тілі пәні мұғалімі
Меңдіғалиева Сағима Олжағалиқызы 1952 жылы Исатай ауданының Мұнайлы селосында дүниеге келген. 1969 жылы Жаманқала орта мектебін бітірген. 1970-1974 жылдары Гурьев пединститутының «Орыс тілі» факультетін бітіріп, 1976-1987 жылдары М.Горкий атындағы орта мектебінде, 1987 жылдан бері Жалғансай орта мектебінде орыс тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасап келеді. «ҚазССР білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.

Барбосынова Ақторғынсаулет
Математика пәні мұғалімі
Барбосынова Ақторғынсаулет 1952 жылы 5 қарашада Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1959-1969 жылдары орта мектепті бітіріп, 1970-1974 жылдары Гурьев пединститутының «Математика» факультетінде оқыған. 1979-2006 жылдарда Жалғансай орта мектебінде математика пәнінен, бастауыш сыныптарға дәріс берді. Сегіз бала тәрбиелеп өсірген «Батыр ана». Қазіргі уақытта зейнеткерлік демалыста.