Skip to content

💪”Мықтылар мекені”

2025 жылдың 15-маусым күні жазғы демалыс лагері аясында балалардың белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және командалық рухты нығайту мақсатында “Мықтылар мекені” атты қызықты эстафеталық сайыс өткізілді.

Сайысқа лагерьге қатысушы балалар белсене атсалысып, түрлі кезеңдерден тұратын жылдамдық пен ептілікті талап ететін тапсырмаларды орындады. Эстафеталық жарыста қатысушылар шапшаңдық, икемділік, бірлік пен ұйымшылдық танытып, өз командаларының намысын қорғады.

Іс-шара барысында балалардың спортқа деген қызығушылығы артып, бір-бірін қолдау мен ынтымақтастықтың маңызын ұғынды. Эстафета соңында жеңімпаз топ марапатталып, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйланды.

“Мықтылар мекені” сайысы балалар үшін есте қаларлықтай әсерлі күндердің біріне айналды.

#жаз2025

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *