Skip to content

Бақытты балалық шақ

“Арай” жазғы демалыс лагерінің 4-күні оқушылар үшін қызықты іс-шара ұйымдастырылды. Лагерь тәрбиешілері мен жетекшілерінің бастамасымен балалар саябаққа саяхат жасады. Саяхат барысында оқушылар табиғат аясында демалып, түрлі қызықты ойындар ойнады.

Саяхаттың басты бөлімдерінің бірі – “Бақытты балалық шақ” тақырыбында асфальтке сурет салу байқауы болды. Балалар өз қиялдарын сурет арқылы жеткізіп, бала күннің шаттығын, достық пен қуанышты түрлі-түсті бояулармен бейнеледі. Бұл іс-шара балалардың шығармашылық қабілетін арттырып, эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етті.

Шара өте көңілді әрі мазмұнды өтті. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен, шабытпен өз өнерлерін көрсете білді. Іс-шара соңында белсенді қатысушылар марапатталып, баршаға естен кетпес әсер сыйлады.

Мақсаты: Балаларға табиғат аясында серуен ұйымдастыра отырып, шығармашылық қабілетін арттыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту, бейнелеу өнеріне баулу.

#жаз2025

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *