Skip to content

Әкелер – отбасының тірегі

“Арай” лагерінің 1-кезеңінде жоспарға сай “Әкелер- отбасының тірегі”” атты тимбилдинг ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту және отбасы құндылықтарын насихаттау.

Шара барысында түрлі спорттық жарыстар, командалық ойындар, эстафеталар және психологиялық тренингтер өткізілді. Әкелер мен балалар бірлесіп әрекет етіп, бір-бірін жаңа қырынан тани білді. Тимбилдинг қатысушылардың ұйымшылдығын, сенімін арттырып, ортақ естеліктермен бөлісуге мүмкіндік берді.

Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, отбасылық құндылықтар мен әкелік жауапкершілікті тағы бір мәрте ұғынды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *