Жалғансай орта мектебінде 18-маусым күні «Сәт сапар, жас түлек!» атты жалпы орта білім туралы аттестат тапсыру салтанатты жиыны өткізілді. Мерекелік шара мектеп бітіруші түлектердің құрметіне арналды.
Шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар қауымы, ата-аналар, қонақтар және 11-сынып бітіруші түлектер қатысты. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылып, мектеп директоры Замзагул Сарсенгалиевна түлектерге жүрекжарды тілегін арнап, аттестаттарды табыстады.
Салтанатты кеште ұстаздар мен ата-аналар сөз алып, жас түлектерге ақ жол тіледі. Түлектер де өз алғыстарын білдіріп, ұстаздарына арнау өлеңдер мен ән-шашу тарту етті.
Мектеп түлектеріне орта білім туралы аттестаттар табысталумен қатар, үздік оқушыларға «Алтын белгі» және ерекше үлгідегі аттестаттар, мақтау қағаздары берілді.
#түлектер2025