Skip to content

Мектебіміздің мақтаныштары

Бүгін – баршамыз үшін ерекше күн. Жалғансай орта мектебінің мәртебесін асқақтатып, білімнің биік шыңын бағындырған шәкірттерімізді – «Алтын белгі» иегерлері Жайғали Саламат Ержанұлы, Амантай Айдана Амандыққызы, Тынымжан Нұрсезім Нұрдаулетқызын салтанатты түрде құттықтайтын күн!

Құрметті түлектер, сіздер — мектеп тарихында өз атыңызды алтын әріппен жазған дарынды да ізденімпаз жастарсыздар. Жылдар бойы төккен маңдай тер, ұйқысыз түндер мен тынымсыз еңбектің жемісі бүгін өз бағасын алып отыр. Бұл — тек сіздердің ғана емес, сіздерді тәрбиелеген ата-аналар мен сіздерге сапалы білім берген ұстаздардың да ортақ жеңісі.

«Алтын белгі» — тек білімнің ғана емес, тәртіп пен табандылықтың, жауапкершілік пен еңбекқорлықтың белгісі. Енді сіздерді бұдан да үлкен өмір жолы күтіп тұр. Сол жолда әрдайым адалдықты ту етіп, ұлт болашағы үшін қызмет етулеріңізге тілектеспіз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *