Skip to content

Мектеп тарихы

Жалғансай селосындағы ескі мектеп үйінің орны әлі бар. Ол бұрын яғни. 1924 – 1930 жылдарға дейін мешіт болған. 1930 – 1932 жылға дейін клуб үйі болған.

Оқу жылы бұл үйде 1932 – 1933 жылдары басталды. Алғаш мектеп 4 жылдық болды. Мектеп директорының жұмысын Жұрмағанбетов Базалиден атқарды. Кейін ол Ұлы Отан соғысында қаза тапқан.


1938 – 1939 жылдары мектеп 7 жылдық болып кеңейтілген. Мектеп директоры Қазиев Есмұхан болған. Бұл жолдаспен қатар сол кезде Сәрсекенов Шоқан, Дәрішева Камила атты мұғалімдер еңбек еткен. Кейін мектеп 4 жылдық болған. 1956 – 1959 жылдары мектеп директорлығының қызметін Есмұрзиев Құмар атқарған. Сол кездегі мектепте 1935 жылы ауылдың еңбек ардагерлері: Есенғалиев Құралбай, Қасымов Сатыбалды, Темірбекова Биғайша, Құбиев Рахмет, Арыстанов Айдын оқыған.

Мектеп 1956 жылдан 1971 жылға дейін 4 жылдық болған. Ол кездер аралығында мектеп директорлығы қызметін Үмбетқалиев Қазмұқаш атқарған.

Мектеп! Ұстаз! Осынау екі сөздің бір – бірімен тығыз сабақтасып жатқаны баршаға аян. Үмбетқалиев Қазмұқаш ағай Жалғансай мектебінің ірге тасын қалауда көп еңбек сіңірген ұстаздардың бірі.

1972 – 1976 жылдары мектеп 3 жылдық болған. 1971 – 1975 жылдары Тасқалиев Жолдас мектеп директоры болған. Сол кезде мектепте бастауыш класс мұғалімдері Жұмашев Молдаш, Жолдаспаева Үміт, Садықова Мақпал мұғалімдік қызмет атқарған. Жолдаспаева Үміт аға пионер вожатый болған.  Бұл жылдары пионер вожатыйлық жұмыс тек қоғамдық жұмыс ретінде міндеттелініп берілген.

Мектептің сол кездегі техникалық қызметкері Есенғалиева Бәтима болған.         

1976 жылы Жалғансай «1  май» совхозынан бөлініп жеке совхоз болып құрылғанда 8 жылдық мектеп болды. ОШ – 60 жатақхана типінде 1 қабатты 2 бөлек мектеп салынды. Оның директоры Жамиға Натифуллина, оқу ісінің меңгерушісі  Жансұлу Насырова, комсомол ұйымының секретары болып жаңадан оқу бітіріп келген химия – биология пәні мұғалімі Шүкірғалиева Қапипа сайланды. Жас мұғалім кадрлармен толықты. Мысалы: ағылшын тілінің маманы Отарова Зәуреш, физика пәнінің мұғалімі Абдрешева Родина, тарихшы Қалауова Ақкенже т.б.

1977 жылы математика пәндерінің мұғалімдері Сұлтанмұратбек Қыстаубаев  пен Барбосынова Ақторғын-Сәулет  толықты.

1978 жылы орта мектеп болып кеңейтілді. Директор болып Құтымов Боранбай, оқу ісінің меңгерушісі Жамиға Натифуллина тағайындалды.  9 – класс жетекшісі химия – биология пәні мұғалімі Бағытжан Қабошев болды.

1979 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сейсенбі Құлмағанбетов келіп кластан тыс тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы қызметін атқарды. 1980 жылы мектеп өзінің 24 оқушысы түлегін алғаш ұшырып, олардың төртеуі жоғары оқу орнына түсті.

Ғалымжан Қабдешов Орал ауыл шаруашылық институты, А. Қисметова Алматы ауыл шаруашылық институты, Қарылғаш Жұмағазиева Алматы медициналық институты, М. Құтымов Орал педагогикалық институты, С. Есенғалиев АӘД пәні мұғалімі, Орал пед институтына оқуға түсті.

1980 – 1983 оқу жылдарында Б. Құтымовтың савхоз партия ұйымына секретары болып тағайындалуына байланысты Мәрия Тұқпашева директор болып, оқу ісінің меңгерушісі Ж. Натифуллинадан соң Қыстаубаев С, тәрбие жұмысын ұйымдастырушы Б. Қабошев болып тағайындалды.

1983 – 1987 оқу жылдары мектеп директоры болып қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Алдияр Шыниязов, оқу ісінің меңгеруші Құлшурина Роза, тәрбие жұмысын ұйымдастырушы Зәуреш Отарова тағайындалды. Мұғалімдер ұжымы 30 – ға жуықтап, оқушылар саны 300 – ге жетті. Сабақ екі аусымда болды.

1986 – 1990 жылдары Алдияр Шыниязовтың зейнеткерлікке шығуына байланысты мектеп директорлығына математик Аймұрат Некесов директор болып тағайындалды. Алғаш рет 6 жасарлар мектепке келіп қосымша мектеп бөлмесі пайдалануға берілді.

1990 жылы мектеп түлегі Құтымова Райса күміс медалға бітіріп, Гурьев пед институтына физика – информатика факультетіне оқуға түсті.

1990 – 1991 оқу жылдары тарихшы Сатқанбаев Қ мектеп директоры болып тағайындалды, оқу ісінің меңгерушісі З. Отарова, тәрбие ісінің меңгерушісі Г. Құтымова болды.

1991 жылы мектеп түлегі  Досқалиева Ақмарал күміс медалмен бітіріп Атырау университетінің тарих факультетіне түсті.

1993 жылы Қабышева Венера ерекше куәлікпен мектеп бітірсе, Құлмағамбетова Ару аудандық, пәндік олимпиадасында 1 – орын алып, облыстық олимпиадаға қатысып келді.

1994 жылы Жалмағанбетова Сара ағылшын тілі пәні бойынша аудандық және облыстық олимпиада да I-орын алды.

1995 жылдан мектептің тарих пәні мұғалімі Есенғалиев Жексенбай директор болып тағайындалды, оқу ісінің меңгерушісі Отарова Зәуреш, тәрбие жөніндегі орынбасары Гүлназ Құтымова болды.

1997 жылдан бастап  Зәуреш Отарованың Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетіне оқытушы болып қызметін ауыстыруына байланысты оқу ісінің меңгерушісі Бағытжан Қабошев, тәрбие жөніндегі орынбасары Гүлназ Құтымова болып тағайындалды.

2000 жылы Гүлназ Құтымованың «Көктем гүлі» бала – бақшасының меңгерушісі болып тағайындалуына  байланысты,  тәрбие жөніндегі орынбасары  болып Ақмарал Досқалиева тағайындалды.

1999 жылы мектеп түлегі Анар Қабошева  мектепті ерекше аттестатпен бітіріп, Атырау университетінің ағылшын тілі факультетінің мемлекеттік несие арқылы оқуға түсті.

2000 жылы Мөлдір Сабырова мектепті ерекше аттестатпен бітіріп, Атырау университетінің экономика факультетіне  оқуға түсті.

2001 жылы мектепті екі оқушы Марданова Замира, Мырзағалиева Құралай ерекше аттестатпен бітіріп, Атырау университетінің ағылшын тілі факультетіне оқуға түссе, сол жылғы мектеп түлегі Меңдігереева Жансая Атырау университетінің тарих  факультетіне мемлекеттік грантпен  оқуға түсті.

2001 жылы мектеп оқушысы Ақназкен Мұқашева II Аймақтық Нұрмұхан Жантөрин атындағы көркемсөз шеберлері сайысында «Бас жүлдені» жеңіп алды.  

2002 жылы Республикалық Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз шеберлері сайысында жүлделі II орынға ие болды.

2002 жылы мектеп директоры Жексенбай Есенғалиев аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы болып сайлануына байланысты оның орнына Бағытжан Қабошев мектеп директоры болып тағайындалды, оқу ісінің меңгерушісі Қыстаубаев Сұлтанмұратбек тағайындалды. Мектеп мұғалімі Роза Құтымова аудандық «Жыл сынып жетекшісі –2002» сайысында бас жүлдені иеленіп, облыстық «Жыл сынып жетекшісі – 2002» сайысында жүлделі II орынға ие болды.

2003 жылы мектеп бітірген Есенғалиева Дария Астанадағы Гумилев атындағы Евразия университетінің шет тілдер факультетіне оқуға түсті. Мұқашева Ақназкен Алматыдағы Жүргенов атындағы өнер академиясының кино және театр факультетіне грантпен, ал Жұмағалиева Әсем Орал агро университетінің тамақ өнімдері технологиясы факультетіне мемлекеттік несие арқылы оқуға түсті.

Қазіргі кезде мектепте 31 мұғалім еңбек етіп келеді. Оның 12 – сі мектептің түлектері.  Атап айтқанда:

  1. Досқалиева Нұрсұлу – бастауыш класс,
  2. Досқалиева Ақмарал – тарих.
  3. Досқалиева Ақиіс – қазақ тілі.
  4. Бектемірова Зәмзәгүл – ағылшын тілі.
  5. Қабышева Венера – физика.
  6. Қабышева Динара – Қазақ тілі.
  7. Ашимова Алмагүл – тарих.
  8. Төлегенова Венера – ағылшын тілі
  9. Көшенбаева Динара – қазақ тілі
  10. Есенғалиева Гүлмира – бастауыш класс
  11. Үмбетиярова Ақтолқын – бастауыш класс
  12. Меңдігереева Жансая – тарих, география

1980 жылдан бері 28 рет мектепті бітірушілер саны 500 ден асады. Оның 150 – ге жуығы әртүрлі жоғары орта оқу орындарын бітіріп, әр жерде мамандықтары бойынша еңбек етіп келеді.

2003 жылдың желтоқсан айынан бері мектеп директоры  Ж. Есенғалиев  тағайындалды, оқу ісінің меңгерушісі Б.Қабошев, тәрбие жөніндегі орынбасары А. Досқалиева.

Қазір мектепте 245 оқушы дәріс алуда.

Осы мектепте қызмет істеп зәйнеткерлікке шыққан мұғалімдер:

  1. Шыниязов Алдияр – қаз.т/әд. 1927 ж туған. Қаз.ССР оқу ісінің үздігі
  2. Тасқалиев Жолдас – қаз.т/әд. 1929 ж туған.
  3. Құтымов Боранбай – қаз.т/әд 1932 ж туған.
  4. Бағытова Қапиза – қаз.т/әд. 1934 ж туған. Әдіскер мұғалім
  5. Қадірова Үміт – баст.кл 1941 ж туған.
  6. Жолдаспаева Үміт – баст.кл. 1949 ж туған.
  7. Құлмағамбетов Сейсенбі – қаз.т/әд. 1947 ж туған.
  8. Ізбасарова Әния – баст.кл. 1948 ж туған.
  9. Натифуллина Жамиға – математика 1942 ж туған. ҚР Білім беру ісі үздігі
  10. Садықова Мақпал – баст.кл. 1950 ж туған.
  11. Қалауова Ақкенже – тарих 1950 ж туған. ҚР Құрмет грамотасы

    12.Қозбағарова Жұмағыз – орыс тілі  1948 ж/т

    13.Барбосынова Ақторғын-Саулет – матем. 1952 ж/т

    14.Меңдіғалиева Сағима  – орыс тілі 1952 ж/т Қаз.ССР оқу ісінің үздігі

  1. 1990 жылы мектеп түлегі Құтымова Райса күміс медалға бітіріп, Гурьев пед институтының физика – информатика факультетіне оқуға түсті.
  2. 1991 жылы мектеп түлегі Досқалиева Ақмарал күміс медальмен бітіріп Атырау университетінің тарих факультетіне түсті.
  3. 1993 жылы Қабышева Венера ерекше куәлікпен мектеп бітірсе, Құлмағамбетова Ару аудандық, пәндік олимпиадасында 1 – орын алып, облыстық олимпиадаға қатысып келді.
  4. 1994 жылы Жалмағанбетова Сара ағылшын тілі пәні бойынша аудандық және облыстық олимпиадада I орын алды.
  5. 1998 жылы ағылшын тілі пәні бойынша Жалмағанбетова Сара облыстық олимпиадада II орын алды.
  6. 1999 жылы мектеп түлегі Анар Қабошева мектепті ерекше аттестатпен бітіріп, Атырау университетінің ағылшын тілі факультетінің мемлекеттік несие арқылы оқуға түсті.
  7. 2000 жылы Мөлдір Сабырова мектепті ерекше аттестатпен бітіріп, Атырау университетінің экономика факультетіне арқылы оқуға түсті.
  8. 2001 жылы мектепті екі оқушы Марданова Замира, Мырзағалиева Құралай ерекше аттестатпен бітіріп, атырау университетінің ағылшын тілі факультетіне оқуға түссе, сол жылғы мектеп түлегі Меңдігереева Жансая Атырау университетінің тарих факультетіне мемлекеттік грантпен оқуға түсті.
  9. 2001 жылы Байжан Ақназкен II аймақтық Нұрмұхан Жантөрин атындағы көркемсөз шеберлері сайысында «Бас жүлдені» жеңіп алды.
  10. 2002 жылы Республикалық Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз шеберлері сайысында жүлделі II орынға ие болды.
  11. 2003 жылы мектеп бітірген Есенғалиева Дария Астанадағы Гумилев атындағы Евразия университетінің шет тілдер факультетіне оқуға түсті.
  12. 2003 жылы Жас ақындар облыстық байқауында Жұмашев Қайрат жүлделі II орын алды.