Skip to content

«ӘНШУАҚ» қазақ тіліндегі балалар әндері фестивалінің мектепішілік кезеңі

Фестивальдің басты мақсаты – балалар әндерін қазақ тілінде насихаттау және тарату.

Фестивальдің міндеттері:

– білім алушыларды балалар шығармашылығының ең қолжетімді және жаппай түрі ретінде ән өнеріне кеңінен тарту;

– білім алушылар арасында қазақ тіліндегі балалар әндерінің репертуарын кеңейту; 

– ән өнерінің отандық дәстүрлерін сақтау және дамыту;

Күтілетін нәтижелер:

Фестиваль қазақ тіліндегі балалар әндерін насихаттауда, қазақстандық балалар мен жастардың музыкалық мәдениетінің деңгейін арттыруда, оларды қазақ музыкалық мәдениетінің байлығына баулуда, фестиваль іс-шараларына жаппай тартуда басты мотиватор болады.

Фестиваль фестивальдің мақсаты мен міндеттерін іске асыру, қазақ тілінде ең ұнаған балалар әндерін жүйелі орындау бойынша практикалық жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Фестиваль балаларды қазақ тілінде балалар әндерін үйренуге және орындауға ынталандыруға ықпал ететін болады.

  • «Әншуақ» қазақ тіліндегі республикалық балалар әндері фестивалінің іріктеу кезеңі- челлендж арқылы өткізіледі
    Челленджде тек балалар әндері ғана орындалады. Туындылар бейнежазбасы  Тик-Ток әлеуметтік желісіне #Әншуақ хэштегімен жүктеледі. Түсірілімге фонограмма пайдалануға болады. 
  • Қазақстан композиторларының және заманауи балаларға арналған авторлық туындылар орындалады. 

Тик-Токқа #Әншуақ хэштегімен жүктелетін әнмен қоса толық
ақпарат салынады.Осы бағытта Жалғансай орта мекебіне шаралар атқарылып жатыр.Күні бүгін әлеуметтік желілерге көптеген оқушылардың әндері жүктелді.Оқушыларымыздың өнерлерін жандандыру мақсатында мектепішілік «Әншуақ» фестивалі   ұйымдастырылды. Шараға 1-4 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында «Ана», «Ақбұлақ», «Ата -әже», «Жас дәуірдің түлегіміз», «Анашым», «Қазақстаным»,  «Қазақстан елім», «Тәуелсіз ел ұраны» әндері шырқалды. Оқушыларымызды тәрбие ісі жөніндегі орынбасары арнайы белсенділікпен қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.Бұл шара жалғасын табады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *