Skip to content

Мектебіміздің мақтанышы – Жайғали Саламат – КММ ”Жалғансай орта мектебі”

2024 жылдың 26 – 30 қараша аралығында Астана қаласында қаласында өткен ауыл мектептерінің 9 – 11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндердің жаратылыстану – математика бағыты бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі болып өтті. 

 Олимпиаданың мақсаты: ауыл оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау, олардың интеллектуалдық дамуына жағдай жасау және болашақ мамандықтарын таңдауға қолдау көрсету. 

 Жалғансай орта мектебінің 11 – сынып оқушысы Жайғали Саламат осы додаға информатика пәнінен қатынасып, жүлделі 3 – орынға ие болды. Саламатты және оның жетекшісі Абильтаева Жадыра Бағытқызын осы жетістіктерімен құттықтаймыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *