Мектеп басшылары
Үмбетқалиев Қазмұқаш
(1923-1972)
1959-1971 жылдары мектеп директоры
Үмбетқалиев Қазмұқаш ағай 1923 жылы 12 қыркүйекте Гурьев облысы, Бақсай ауданы, «Жаңа күш» селосында №10 ауыл советінде туған. Әкесі Жарылғасынов Үмбетқали, шешесі Жарылғасынова Балахия 1938-1939 жылдары Гурьев педучилищесінде оқыған.
1941 жылы Ұлы Отан соғысына қатысып, 1944 жылы жаралы болып елге оралған. 1956 жылы Жалғансай ауылында 7 жылдық мектепте директор болып жұмыс жасаған. 1962 жылы бастауыш мектеп меңгерушісі болған. 1967 жылы Гурьев педагогикалық институтының «Тарих» фаультетін бітірген. 1972 жылы қайтыс болды.
Натифуллина Жамиға
Математика пәнінің мұғалімі
1976-1978 жылдары мектеп директоры
Натифуллина Жамиға 1942 жылы бұрынғы Новобогат ауданы, Орпа ауылында кедей-шаруа отбасында дүниеге келген. 1949-1959 жылдары Аманкелді орта мектебінде оқыған. 1959 жылы Гурьев педагогикалық институтының физика-математика факультетіне түсіп, 1964 жылы бітірген. 1976 жылдан Жалғансай орта мектебінде директор, оқу ісінің меңгерушісі, соңғы жылдары мұғалім болып жұмыс жасаған. 2002 жылы зейнеткерлік демалысқа шықты. 1988 жылы «Аға мұғалім» атағы берілді. 1990 жылы «Еңбек ардагері» медалімен, 1992 «ҚР Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.
Құтымов Боранбай
(1932-2002)
1978-1980 жылдары мектеп директоры
Құтымұлы Боранбай 1932 жылы 3 қараша күні Атырау облысы, Махамбет ауданы, Бақсай ауылында дүниеге келді. Гурьев пеғдагогикалық училищесін, Орал педагогикалық институтын бітіргеннен кейін еңбек жолын 1950 жылы Бақсай 7 жылдық мектебінде мұғалімдіктен бастады Ол 1955-1966 жылдары Бақсай, Егізкөл 8 жылдық мектептерінде мұғалім, 1966-1973 жылдары Махамбет аудандық Кеңесі атқару комитетінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1976-1978 жылдары Сарайшық селолық кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1978-1980 жылдары Жалғансай орта мектебінің директоры, 1980 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін «СССР-дің 60 жылдығы» атындағы кеңшар партия комитетінің хатшысы жұмыстарын атқарды. Бірнеше рет аудандық советтің депутаты болып сайланды. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Тұқпашева Мәрия
Орыс тілі пәні мұғалімі
1980-1983 жылдары мектеп директоры
Тұқпашева Мәрия 1948 жылы туған. 19556-1965 жылдары Чкалов орта мектебін, 1965-1970 жылдары Гурьев пединститутының «Орыс тілі мен әдебиеті» факультетін бітірген. Чкалов орта мектебінде мұғалім, Махамбет аудандық партия комитетінде нұсқаушы, 1980-1983 жылдары Жалғансай орта мектебінің директоры болып жұмыс жасаған. Қазір зейнеткер, Атырау қаласының №30 мектебінде аздаған сағатпен жұмыс жасайды.
Шыниязов Алдияр
1983-1987 жылдары мектеп директоры
Шыниязов Алдияр 1927 жылы Исатай ауданының Тұщықұдық селосында дүниеге келген. 1947-1949жылдары Гурьев педучилищесін бітірген. 1951-1955 жылдары Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институтын бітіріп, 1987 жылы еңбек демалысына шыққанға дейін Исатай ауданындағы Аманкелді, Куйбышев орта мектерінде, Махамбет ауданының Фурманов, Жалғансай орта мектептерінде басшылық жұмыстарда жасаған. 1987-1990 жылдары Жалғансай селолық кеңесінде хатшы болып жұмыс жасаған. 1973 жылы «Қаз ССР оқу ісі үздігі» белгісімен наградталған.
Некесов Аймұрат
Физика пәні мұғалімі
1987-1990 жылдары Мектеп директоры
Некесов Аймұрат 1959 жылы Махамбет селосында дүниеге келген. 1966-1976 жылдары Махамбет орта мектебін бітіріп, 1976-1980 жылдары Гурьев пединститутының «Физика-математика» факультетін бітірген. 1980-1987 жылдары Махамбет орта мектебінде жұмыс жасаған, 1987-1990 жылдары Жалғансай орта мектебьінің директоры қызметін атқарған. Қазіргі уақытта Е.Ағелеуов атындағы орта мектепте информатика пәнінен дәріс береді.

Сатханбаев Казбек
Тарих пәні мұғалімі
1990-1995 жылдары мектеп директоры
Сатханбаев Казбек Төлегенұлы 1949 жылы 1 қаңтарда Исатай ауданы Новобогат селосында дүниеге келген. 1955-1960 жылдары Махамбет орта мектебінде білім алған. 1971-1975 жылдары Гурьев пединститутының «Тарих» факультетін бітірген. 1975-1977 жылдары Чкалов орта мектебінде, 1981-1983 жылдары Аққыстау орта мектебінде, 1983-1990 жылдары Ақтоғай орта мектебінде мұғалім, 1990-1995 жылдары Жалғансай орта мектебінің директоры, қазіргі уақытта тарих пәнініің мұғалімі.
Есенғалиев Жексенбай
Тарих пәні мұғалімі
2003 жылдан бері мектеп директоры
Есенғалиев Жексенбай Ибрайұлы 1960 жылы 1 қаңтарда Гурьев облысы, Бақсай (қазіргі Махамбет) ауданы, Жалғансай селосында дүние келген. 1967 жылы Жалғансай бастауыш мектебінде бастап оқып, Махамбет селосындағы О.Шонаев орта мектебін бітірген.
1994 жылы Атырау университетінің «Тарих» факультетін бітірген. 1995 жылы қазан айынан бастап Аудандық білім бөлімінің нұсқауымен мектеп директоры болып тағайындалған.
Есенғалиев Жексенбай 2023ж қаңтар айынан бастап зейнеткерлік демалысқа шықты.
Бектемирова Замзагул Сарсенгалиевна
Бектемирова Замзагул Сарсенгалиевна 1976 жылы 19 – қыркүйек күні Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Есбол селосында дүниеге келді. 1983 – 1993 ж аралығында Жалғансай орта мектебінде білім алды. 1994 – 1998 ж аралығында Х.Досмұхаммедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Ағылшын тілі мұғалімі» мамандығы бойынша тамамдады. 1998 ж бастап Жалғансай орта мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалім болып жұмыс жасады. 2018 – 2023 ж аралығында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2023 ж желтоқсан айынан бастап мектеп директоры болып тағайындалды.Қазіргі уақытта Жалғансай орта мектебінің директоры болып қызмет атқаруда.