Жалғансай орта мектебі «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Атырау облысы бойынша департаменті» Республикалық мекемесі, Департамент басшысының бірінші орынбасары Р.Төлештің 2020 жылғы 6 қаңтардағы нөмері 7-10/38 санды шығыс хаты негізінде комиссия отырысының
АНЫҚТАМАСЫ
Комиссия төрайымы:Г.А.Ақбейсова-мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
Комиссия хатшысы:Қ.С.Айжарықова-мектептің іс қағаз жүргзушісі:
Қатысқандар:Комиссия мүшелері (бұйрық бойынша)
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізу
Комиссия төрайымы Г.Ақбейсова- Жалғансай орта мектебінде №12 бұйрықтың 8 үлгілік қағидалардың 8 тармағына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде тәуекелдері мектептің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.
Комиссия мүшеcі З.Бектемирова- персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы, Мүдделердің арасындағы қақтығыстар болған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету, рұқсат беру, бақылау функциялары бойынша жұмыс жасаймыз. Мемлекеттік мекеменің міндеттемелер бойынша қаржылық жоспары, мектеп қызметкерлерінің штаттық кестесі, тарифтік жоспары «Ашық бюджет» талаптары бойынша уақытылы сайтқа жарияланып тұрады. Мектепке қабылдау «Электронды мектеп» бағдарламасы бойынша ашық түрде жүргізіледі.
Комиссия мүшесі А.Кенжебаева- Сыбайлас жемқорлықтың алдын –алу мақсатында Жалғансай орта мектебінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы және «Парасатты азамат» бұрышы, «Адалдық дүкені» жұмыс жасап тұр. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар өз жалғасын табады.