“Тәуелсіз елдің ұланы” Жас Ұлан ұйымына оқушыларды қабылдау жиыны өтті
2024 жылдың 11 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің 33 жылдығы қарсаңында “Жас Ұлан” және “Жас Қыран” біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты жиыны өтті. Ұйымға мектебіміздің 2 сыныбының 14 оқушысы “Жас Қыран” және 5 сыныбының 10 оқушысы “Жас Ұлан” қатарына қабылданды. Мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім, білім мен өзін – өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, тәуелсіз Қазақстанның бүгігі мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушылар ант қабылдап, мектеп ұстаздары мен ұйым мүшелері оқушыларға галстук пен төсбелгі тақты. Уәделеріңе болаттай берік болып, әрқашан Тәуелсіз еліміздің туын көкте желбірете беріңіздер!