16-маусым күні «Арай» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанатты жиыны өткізілді.
⚜️Мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, оларды қуанышты көңіл-күймен қарсы алып, алдағы күндерге мотивация беру.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Іс-шара барысында мектеп әкімшілігі мен тәрбиешілер балаларға жылы лебіздерін білдіріп, қызықты да мағыналы демалыс тіледі.
Балалар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, өлең оқып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Әр топ өз атауын, ұранын таныстырып, достық пен ұйымшылдықты көрсетті.
#Жаз2025