Skip to content

“Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік” акциясы

Мектебімізде “Зорлық – зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік” акциясы өтті!

2024 жылдың 3 желтоқсанында мектебімізде зорлық – зомбылықтың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлерімен бірлескен түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Шараға 8 – 11 сынып оқушылары, мектеп әкімшілігі, жас мұғалімдер, сынып жетекшілері және мектеп психологі қатысты.

Кездесу барысында қатысқан полиция қызметкерлері:
• Бекбаева Гулнар Крыкбаевна – аудан әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы;
• Кенжегулов Нұрлыбек Хамитұлы – аудандық АПҚ бірінші орынбасары, полиция майоры;
• Сапарғалиева Арайлым Абайқызы – аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ӘЗЗҚТ инспекторы, полиция капитаны.

Шара барысында зорлық – зомбылыққа қарсы күрес жолдары, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіздік ережелері туралы кеңестер берілді. Іс – шара оқушылар мен қатысушыларға пайдалы әрі мазмұнды ақпарат алуға мүмкіндік берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *